Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін жасөспірімдер арасында сынға түскен отандасымыз Роман Хегай жеңімпаз атанса, Нұртаң Ыдырысов күміс жүлдеге қол жеткізді.
Тұтқалы ат снарядының финалында Роман төрешілерден 13.800, ал Нұртаң 12.866 ұпай алды. Үздік үштікті жапон спортшысы Харутоши Очаи түйіндеді (12.666 балл).
Сонымен қатар жасөспірімдер арасында қос сырық жаттығуында Нұртаң Ыдырысов үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Ол ақтық сында 13.933 ұпай иеленді. Күміс медаль жарыс қожайыны Ча Йеджунда (13.833 ұпай), үздік үштікті Томохару Танида 13.333 ұпаймен түйіндеді. Тағы бір отандасымыз Роман Хегай жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (13.233 балл).