Ақорданың ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкіметінің жаңарған құрамын жариялады. Президен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Қаулыда жаңа есімдер де бар. Нақтырақ айтсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Ұлттық экономика министрі орындарын басқа адамдарға босатып берді.
Сонымен Үкіметтің жаңарған құрамы мынадай:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Байқағандарыңыздай, Ұлттық экономика министрі Руслан дәленовтің орнына Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған.
Рrimeminister.kz сайтындағаы мәлімет сүйенсек,бұған дейін ол Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген Әсет Ерғалиев 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Швецияда халықаралық бизнес мектебін, 2009 жылы Йорк университетін және 2010 жылы Ноттингем университетін тәмамдаған. Мамандығы – экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2010 жылғы қыркүйек айында Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) экономика департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың аймақтық талдаушысы ретінде бастаған. 2011 жылғы қазан айынан 2012 жылғы қараша аралығында осы департаментте Бас өңірлік талдаушы болып қызмет атқарған.
2011 жылғы қараша айында банктің өңірлік экономисті болып еңбек еткен.
2013 жылғы қаңтарда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып тағайындалған. Аталған құрылымда Ә. Ирғалиев 2016 жылдың басына дейін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары, вице-президент лауазымдарын атқарған.
2016 жылғы ақпан айында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.
2016 жылғы қазан айында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.
2017-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.
2019 жылдың тамызында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет кеткен.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Біржан Нұрымбетовті де орынбасары алмастырды.
Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады.
Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.
2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2020-2021 еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып қызмет атқарды.
Есімжан Нақтыбайұлы