NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кетті

274

Оның отставкасы дереу күшіне енді.

NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кетті Фото: nvidia.com

NVIDIA компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шығады. Бұл туралы компанияның ресми сайтындағы мәлімдемеде айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компанияны уақытша қаржы директоры Колетт Кресс басқарады. Ол 2013 жылдан бері NVIDIA компаниясында жұмыс істейді. Бұған дейін Кресс Cisco және Microsoft компанияларын қоса алғанда, жетекші технологиялық компанияларда 25 жылға жуық уақыт қаржы саласындағы қызметтерді атқарған.

Ал директорлар кеңесі жаңа тұрақты басшыны іздеуге кіріскен. Үміткерлер қатарында компанияның ішкі мамандары мен сырттан шақырылатын кандидаттар бар.

Сонымен қатар NVIDIA директорлар кеңесі тарихында алғаш рет кеңес төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін Synopsys компаниясының бас директоры әрі директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болған кәсіпкер және инвестор Харви Джонс келді.

Компания мәлімдемесінде жұмыс үдерісі қалыпты жалғасатыны айтылған. Атап айтқанда, клиенттер алдындағы міндеттемелер орындалып, өнімдерді әзірлеу мен шығару жоспары жүзеге асырылады. NVIDIA өкілдері Дженсен Хуангқа компания мен технология саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, NVIDIA – 1993 жылы құрылған америкалық технологиялық компания.

NVIDIA компаниясында Хуангқа компанияның және технология саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ал Директорлар кеңесі басшылықтың ауысуы компанияның жұмысына, клиенттер алдындағы міндеттемелеріне және өнімдерді әзірлеу жоспарларына әсер етпейтініне сендірді.

Бұған дейін NVIDIA басшысының АҚШ арнайы қызметтері Қытай барлау агенті деп санайтын әйелмен байланысы болғаны туралы ақпарат тараған. Кейін Дженсен Хуанг некедегі адалдықты бұзғанын мойындап, отбасы мен компания қызметкерлерінен кешірім сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу