Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия кубогында көш бастады

303

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 14 медаль еншілеп үлгерді. Турнир 22 ақпанға дейін жалғасады. 

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия кубогында көш бастады Фото: Туризм және спорт министрлігі

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі. 

Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.

Жүлдегерлер:

Алтын:

  • Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин), 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова), 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Олег Носков (жасөспірімдер арасында), 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында), 10 метрден тапанша;
  • Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин), 10 метрден тапанша.

Күміс:

  • Ислам Сәтпаев, 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Валерий Рахымжан, 10 метрден тапанша;
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
  • Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин), 10 метрден тапанша;
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова, 10 метрден тапанша;
  • Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 метрден тапанша.

Қола:

  • Александра Ле, 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева), 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Кирилл Федькин, (жасөспірімдер арасында) 10 метрден тапанша.

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу