Облыстар бөлінсе, біріккен аудандар қалай болады – депутат пікірі

3477

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Абай облысы құрылатынына риза.

Облыстар бөлінсе, біріккен аудандар қалай болады – депутат пікірі

"Бүгінгі Президент жолдауына пессимистік көңіл күймен келіп едім, туған жеріме қатысты жаңалықты естіп қатты қуанып шықтым", – дейді ол.

Inbusiness.kz тілшісі облыстармен бірге біріккен байырғы аудандар қалай бөлінуі мүмкін екенін сұрап көрді.

"Облысты бұрынғыша бөлу дұрыс болмайды деп есептеймін. Мемлекет мүддесі тұрғысынан қарауымыз ерек. Неге десеңіз, қазір сепаратизм деген нәрсе бар. Бұл жай сөз емес. Елімізді ел деп танымай отырған азаматтар көп. Осы нәрсе ескерілуі керек. Кезінде екі облыс біріккенде, шынын айтайық, Өскемен өңірі қазақтанды. Енді ол қайта оқшауланып қалмауы керек", – деді депутат.

Айта кетейік, ШҚО облысы құрылғанда Көкпекті мен Самар, Тарбағатай мен Ақсуат сынды бұрынғы екі облыстың аудандары да қосылған.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу