Oceanman әлемдік жарысы Қазақстанда өтеді

1910

2022 жылдың 2 және 3 шілдесі аралығында елімізде ашық суда халықаралық деңгейдегі жүзу жарыстары сериясының Oceanman Kazakhstan спорттық шарасы өтеді. 

Oceanman әлемдік жарысы Қазақстанда өтеді

Бұл спорттық шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, туризм индустриясы Комитеті, Алматы облыстық әкімдігі мен су спорт түрлері жөніндегі елордалық Федерацияның қолдауымен ұйымдастырылады.

Oceanman Kazakhstan биыл 2022 жылдың 2 және 3 шілдесі аралығында Қапшағай су қоймасында өтеді. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Италия, Швейцария және Түркия елдерінен 1200 адам қатысады. Бұл әуесқой және кәсіби спортшылардың басын қосатын Қазақстан тарихында ашық суда ұзақ қашықтықта жүзу бойынша өтетін ең бұқаралық бәсеке болмақ.

Қатысушыларға 4 қашықтық ұсынылады.

Ашық суда жүзетін әуесқойлар 1,5 шақырымдық қашықтықта тіркелді – 325 жүзуші бар. 200-ге жуық бала 800 м қашықтықта бақтарын сынайды. Бұл жарыстар 2 шілдеде өтеді.

Жаппай қашықтық – 5 шақырым, бұл қашықтықты 450 қатысушы бағындырмақшы. Толық Oceanman – 10 шақырымды 225 адам жүзіп өтпек. Бұл жарыстар 3 шілдеде өтеді.

Oceanman – чемпионатқа біріктірілген әлемнің бірнеше жерінде өтетін жарыстар тобы. Бұл шара 2015 жылы Испаниядан бастау алған, Сол сәттен бері жаһанның ең әдемі жерлерінде – Италия, Малайзия, Мексика, Түркия, Ресей, Греция, Франция, Украина, Швейцария, Таиланд, Кипр және Колумбияда өтіп келеді. Осылайша, Oceanman жер шарын айналған саяхатқа айналды. Енді Қазақстанға да жол түсті.

Oceanman – Ironman қозғалысының бір түрі іспеттес. Бұл жарыста қатысушылар өз мүмкіндіктерін су стихиясында, ашық су қоймаларында сынайды. Бұл чемпионаттың басты ерекшелігі – оның ашықтығы. Жарыс түрлі елдер, түрлі жастағы, түрлі мамандықтағы, физикалық дайындығы әртүрлі, түрлі мақсаттары мен мотивициялары бар мыңдаған адамды бір арнаға тоғыстырады.

Бұған дейін қазақстандық жүзушілер Oceanman жарыстарына қатысқан. Бірақ біздің команданы әзірге сансыз деп айтуға болмайды. Бұл чемпионатты жүзу әуесқойлары үшін барынша қолжетімді ету үшін – қымбат ұшулар, күрделі визалар мен тілдік кедергілерді болдырмау үшін Oceanman Kazakhstan жарыстарының ұйымдастырушылары біраз еңбектенді. Қазақстан Oceanman өтетін Швейцариядан кейін теңізге шығатын жолы жоқ екінші ел атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар жүзу жарысына қатысуға қуана-қуана ниет білдірді және Oceanman Kazakhstan соңғы үш жылдағы ең бұқаралық шараға айналды. Бұл – салауатты өмір салты мен бұқаралық спорттың отандастарымыз үшін бос сөз емес екенін растайды.

Oceanman Kazakhstan ұйымдастырушылары БАҚ өкілдерін маңызды шараға ақпараттық қолдау көрсетуге шақырады. Толығырақ ақпаратты осы телефон номерлері арқылы алуға болады:

+7 (777)000-05-13 – Ералы Оралов, жарыстың бас ұйымдастырушысы;

+7 (701)750-23-53 – Сергей, ұйымдастырушылар командасының координаторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу