"Ойын біз үшін 60-минуттан кейін аяқталды": "Қайраттың" бас бапкері кешегі ойын жайлы айтты

Мұндай пікірді Уразбахтин матчтан кейінгі БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында айтқан. 

"Ойын біз үшін 60-минуттан кейін аяқталды": "Қайраттың" бас бапкері кешегі ойын жайлы айтты Фото: sports24.kz

Ол топтық кезеңдегі алғашқы ойынның оңайға соқпағанын мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше, команда бірінші таймды өте сәтті бастаған әрі жинақы ойнаған. 

– Бұл – біз үшін ауыр нәтиже. Мәселе – голдардың санында емес, бес минут ішінде үш гол өткізіп алғанымызда. Бірінші таймда өте жинақы ойнадық. Үзілісте өзгерістер енгіздік, екінші таймның алғашқы минуттарында өз жоспарымызды орындадық. Бірақ 60-минуттан кейін ойын біз үшін аяқталды. Енді алға қарап, келесі матчқа дайындалуымыз керек, – деді ол. 

Алматылық клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылуы жанкүйерлерге әртүрлі әсер етті. Көбі осындай эмоция сыйлағаны үшін алғысын жаудырып жатса, кейбіреулері "Қазақстандағы футболды жауып тастау керек" деген сыңайдағы пікірлерді жазып жатыр. 

Айта кетейік, 30 қыркүйекте "Қайрат" атақты әрі азулы "Реал Мадридті" Алматыда қабылдайды. 

Бұған дейін "Қайраттың" алғашқы ойынында "Спортингке" 1:4 есебімен жеңілгенін жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу