Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь (22 қыркүйек) және Әзірбайжан (25 қыркүйек) командаларымен өтетін ойындарға шақыртылған футболшылардың соңғы әрі нақты тізімін жариялады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – "Тобыл"), Елдос Ахметов ("Тараз"), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Темірлан Ерланов ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов (екеуі де – "Ақтөбе"), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – "Тобыл"), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – "Астана"), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Әділет Садыбеков ("Қайрат");
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Астана"), Абылайхан Жұмабек ("Тараз"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Роман Муртазаев ("Шахтер");
Еске салайық, Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 33 футболшы енген болатын. Бірақ Магомед Адиев Данил Устименко ("Қайрат"), Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым, Максим Самородов (барлығы – "Ақтөбе"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу") және Айбар Жақсылықовты ("Тобыл") тізімнен алып, ойыншылар санын 27-ге қысқартуға мәжбүр болды.
Ермұхамед Мәулен