ОҚО жылына миллион шаршы метр құрылыс салуды межелеп отыр

Клара Ларина Клара Ларина
6027

Өңірдегі тұрғын үй құрылысы көлемінің өсу тенденциясы 2018 жылы оны 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

ОҚО жылына миллион шаршы метр құрылыс салуды межелеп отыр

"2017 жылы облыс аумағында барлық көздерден құйылған қаржыға 268 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл –12072 пәтер немесе 835,9 мың ш.м. 2017 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жоспар бойынша берілуге тиіс 550,6 мың ш.м тұрғын үйдің 400,2 мың ш.м (3783 пәтер) берілген", – деді Шымкентте өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқарамасының басшысы Құттыбек Жамашев.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстыратын болсақ, онда бұл көрсеткіш 124%-ға жоғары. Құрылыс жұмысының жеке көлемінің индексі 115,7 млрд теңге болып, былтырғы жылғымен салыстырғанда 105 %-ға өскен.

Құттыбек Жамашевтің abctv.kz-ке айтқанынан түсінгеніміз, бұрынғы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысынының өсуіне "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын қабылдауға байланысты бюджеттен бөлінген қаражат себеп болған. Оның айтуынша, бағдарлама құрылыс саласын дамытуға серпін берген.

Ол бағдарламада құрылыс компанияларының несиесі бойынша шығынды 7%-дық субсидия беру арқылы қайтару – жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуға деген ынтасын оятқанын айтты. 

Басқарма басшысының мәліметі бойынша, салынып жатқан 268 тұрғын үйдің 107-сі жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Ал 45 үй ұлттық компания есебінен, сегіз үй – "Шымкент" ӘКК" АҚ есебінен салынуда.

Құттыбек Жамашев дәл қазіргі қол жеткізілген көрсеткіштерді есепке ала отырып, облыстың биылғы жылғы жоспары артығымен орындалатынын  айтып отыр. Оның есебі бойынша, жыл соңына дейін ОҚО-да шамамен 700 мың ш.м тұрғын үй берілмек.

Облыс басшысының алдағы жылдары ОҚО-да  жыл сайын миллион шаршы метр пайдаланылуға берілетін болады деп айтқаны қаншалықты  орындалуы мүмкін деген аbctv.kz-тың сауалына ол ойдағыдай болады деп жауап берді.

"Бізде бұл міндетті іске асыратын нақты жоспар бар, келесі жылы алғашқы миллионға қол жеткіземіз", – деп сендірді ол. Құрылыс салудың қарқыны осыншалықты өсетін болса, онда 2018 жылы берілетін тұрғын үй нысандарының саны 2017 жылға қарағанда 30%-ға артады.

Биылғы жылы салынып бастаған нысандардың көбісі 2018 жылға көшеді. Салынып жатқан 268 тұрғын үйдің 116-сы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, ал қалған құрылыс 2018 жылға қалады. Ал бұл дегенің 6084 пәтер, яғни 457 мың ш.м.

Тек жеке құрылыс салушылардың өзінің 101 үйі келесі жылға қалады. Келесі жылы тіпті осының жартысы пайдалануға берілгеннің өзінде бұл үлкен көлем болады деп атап кетті Құттыбек Жамашев.

Көпқабатты пәтер салумен қатар, "Нұрлы жер" бағдарламасының бағыттарының бірі аясында іске асатын бірыңғай құрылыс салушының бірыңғай сәулет стиліндегі  ЖТҚ салу қанат қақты жобасын жүзеге асыру арқылы да біршама тұрғыр үй салынбақ. Бұл жұмыс 2018 жылы басталады. 

Осы бағыт бойынша Шымкентте үш жоба жоспарланған. Бұл– Бозарық шағынауданында салынатын тұрғын үй алабы. Бұл жерде 74 га-ға 293 жеке тұрғын үй салынады. Ал Бозарық-2 шағынауданында 80 га жерге 600 жеке тұрғын үй салынады, сондай-ақ жаңа Алтынтөбе Village шағынауданында 400 га жерда үш мыңнан астам адамға арналған құрылыс салынады.

Шымкенттегі тұрғын үй мәселесін шешуде көпқабатты үйлердің санын арттыру басты назарға алынған. Биылғы жылы берілген 400 мың ш.м 51%-ы  (205 мың ш.м) көпқабатты үй, 49%-ы  (195 мың ш.м астамы)  жеке тұрғын үй.

Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, тап қазіргі уақытта жалпы тұрғын үй санының 30%-ы көпқабатты үйлер. Сондай-ақ бас жоспарға сәйкес, онда қала тұрғындарының 60%-ы тұруы тиіс.

2016 жылы ОҚО-да 529,6 мың ш.м тұрғын үй салынған. Еске сала кетсек, соңғы жылдары жалпы өңірдегі  тұрғын үй құрылысының көлемі өскені байқалады.

Құрылыс басқарамасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыста тұрғын үй алғысы келетін 52 мың адам кезекте тұр.

Гүлназ Ермағанбетова, Клара Ларина


  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу