Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылындағы салтанатты жиын қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналист спикерден "1 қыркүйек жексенбі күніне түсіп тұр. Линейканы өткізу күні дүйсенбіге ауыса ма, әлде жексенбі күні өте ме?" деп сұрады.
"Өздеріңізге белгілі, 1 қыркүйек – дәстүрлі атаулы күн. Биыл да 1 қыркүйекте білім күніне арналған линейка өтеді", - деп жауап берді министр тілшілердің сауалына.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу