Команда алғашқы үш матчта қарсыластарынан 39 гол өткізіп, тек 2 голмен жауап бере алды. 14 сәуірде "Атырау" командасынан 1:7 есебімен жеңілгеннен кейін, 21 сәуірде "Томирис-Тұран" клубына 0:18 есебімен ірі жеңіліске ұшырады. 28 сәуірде "Қайрат" командасымен өткен кездесуде 1:14 есебімен тағы да жеңіліс тапты .
Үш турдан кейін "Оқжетпес" командасы 0 ұпаймен 13-орында орналасқан. Ал турнир кестесінің көшбасында "БИИК-Шымкент", "Ақтөбе" және "Томирис-Туран" командалары 7 ұпайдан жинап отыр.
Алдағы уақытта "Оқжетпес" командасы өз ойындарын жақсартып, турнир кестесінде жоғарылау үшін нәтижелі жұмыс істейді деген ойдамыз.
Оған қоса мұндай көрсеткіштен кейін бәлкім көкшетаулық ұжымға қақпашыны да ауыстыру қажет болар?