"Оқжетпес" озғаннан не пайда?

2234

​Ақмола облысының командасында жергілікті футбол мектебінің бірде-бір түлегі жоқ. Сонда ол команда кім үшін қажет?

"Оқжетпес" озғаннан не пайда?

Қазақстан чемпионатының 10-тур ойындары "Тобыл" - "Оқжетпес" арасындағы кездесумен басталды. Ойынның бірінші бөлігінде есеп ашылмады. Ал 65-минутта Жереми Манзорро гол салып, "Тобыл" алға шықты. Одан кейін Көкшетау қаласының командасы таразы басын теңестіретін әрекеттер қарастырғанымен, ештеңе тындыра алмады. Андрей Карпович баптайтын команда кезекті мәрте жеңіліс тапты. Таңқалатын ештеңе жоқ.

Жалпы "Оқжетпес" 10 ойынның ішінде бір рет жеңіске жетіп, екі рет тең түсті. Қалған 7 ойында түгел жеңіліп қалған. Негізі жылдағы көрсеткіші осындайдан келеді. Тек маусым соңына таман премьер-лигадағы орнын сақтап қалып жүр. Бірақ, бұл клуб жыл сайын Ақмола облысының бюджетінен кем дегенде 1 миллиард теңге көлемінде қаржы алатынын еске алайықшы. Ол ол ма дерсіз, команданың негізгі құрамында бірде бір жергілікті футбол мектебінің түлегі жоқ. Көкшетау футбол мектебінің түлегі былай тұрсын, команданың бүгін алаңға шығарған футболшыларының ішінде Қазақстан футболының түлектерінің өзі үшеу ғана. Қалған 8 футболшы сырттан келген келімсектер.

Клуб алдына жоғарғы мақсаттар қойылып, команда медальға таласып, еурокубоктерге қатысып немесе жергілікті футболшыларды тәрбиелеп, ұлттық құрамаға даярлап беріп жатса мақұл ғой. Ондай игі істердің бірде-бірі жоқ бұл клуб қаржыны оңды-солды шашатындай не құдіретке ие? Мақсаты жоқ масыл клубты жөнге салатын бір шенеунік табылмағаны қалай? Әлде әкім-қаралардың да футболдан алар үлес салмағы бар ма?

"Тобыл" – "Оқжетпес" – 1:0

Гол: Жереми Манзорро 65

Ескертулер: Карлос Фонсека 21, Сергей Малый 33 – Марко Обрадович 35, Алексей Гаврилович 68, Тимур Жақыпов 79, Санат Жұмаханов 89

"Тобыл": Александр Мокин (В) – Алекса Аманович, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Дмитрий Мирошниченко – Джаба Канкава, Ника Квеквескири, Азат Нұрғалиев (К) (Роман Мұртазаев 83) – Жереми Манзорро (Петрос Аветисян 66), Сенин Себаи, Карлос Фонсека (Сұлтан Әбілғазы 90+2);

Резерв: Игорь Шацкий (В), Султан Бусурманов (В) – Руслан Валиуллин, Роман Асранқұлов, Арман Оганесян, Сағадат Тұрсынбай – Самат Жарынбетов, Данияр Семченков – Оралхан Оміртаев;

Бас бапкер: Григорий Бабаян.

"Окжетпес": Александр Шепляков (В) – Мирас Төлеев (Тимур Жақыпов 71), Пламен Димов, Алексей Гаврилович (Санат Жұмаханов 86)​, Тарас Бондаренко, Дмитрий Шмидт – Жиан Мартинс, Артём Дмитриев (Милан Стоянович 71) – Дарко Зорич, Жасұлан Молдақараев (К), Марко Обрадович (Исламнұр Абдулавов 59);

Резерв: Ярослав Багинский (В) – Даниил Чертов, Талғат Кусяпов – Алтынбек Сапаров, Всеволод Нихаев, Арман Төлегенов, Магомед-Эми Джабраилов;

Бас бапкер: Андрей Карпович.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу