"Олар өмір сүрмеуі керек!": Израиль министрі Газа секторына қатысты сұмдық мәлімдеме жасады

Оңшыл саясаткер Итамар Бен-Гвирдің бұл сөзі әлемдік БАҚ-та кеңінен талқыланып жатыр. 

"Олар өмір сүрмеуі керек!": Израиль министрі Газа секторына қатысты сұмдық мәлімдеме жасады Фото: GIL COHEN-MAGEN

Ол Израильдің бұрынғы тұтқыны Ром Браславскиймен болған подкаст кезінде Газа секторында әр түні 30-40 адамды нысаналы түрде өлтіруге шақырып, айды аспаннан бір-ақ шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Газа секторындағы соғысқа қатысты өткір мәлімдемелерімен қоғамның наразылығын тудырып отыр. 

Бен-Гвирдің сөзінше, тек тікелей қауіп төндіретін адамдарды ғана емес, басқа да адамдарды өлтіру қажет. 

– Онда өмір сүруге лайық емес адамдар бар! Олар өмір сүрмеуі керек! Олар тіпті адам да емес! – деді министр.

Министрдің бұл мәлімдемелері жексенбі күні жарияланып, кейін Палестина бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылды. Бен-Гвир Израиль үкіметіндегі ықпалды саясаткерлердің бірі саналады. Ол полиция мен түрме жүйесіне жетекшілік етеді.

Итамар Бен-Гвир бұған дейін де Газа секторындағы соғысқа қатысты радикалды талаптары үшін халықаралық қауымдастықтың сынына бірнеше рет ұшыраған. Атап айтқанда, ол Палестина халқын Газа секторынан жаппай көшіру идеясын бірнеше мәрте қолдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу