Оле-Гуннар Сульшер: Біз үшін бұл маңызды ойын

3085

"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер тілшілер сауалына жауап берді.

Оле-Гуннар Сульшер: Біз үшін бұл маңызды ойын

– Оле Сіз неге кілең жастарды алып келдіңіз? Оның себебі неде?

– Жастарға уақыт берейік дедік. Джесси Лингард, Люк Шоу секілді ойыншыларды да алып келіп отырмыз. Тәжірибиелі ойыншылардың барлығы шаршағаны рас. Сондықтан да, жас футболшылардың алаңға шығып тұрғаны жөн.

– Алысқа сапар шектіңіздер, командаға бұл жағдай қалай әсер етуде?

– Уақыт айырмашылығы аса қатты көп емес екен. Барлығы жергілікті уақытқа икемделіп жүр. Түн ортасында ұйқысыз жүрсек таңқалмаңыздар, біз әлі де бой үйретіп жатырмыз.

– "Астанаға" қарсы ойынға кілең жастарды алып келдіңіз. Мұнда жанкүйерлер жергілікті командаға қолдау көрсетеді, сонымен қатар мұнда жасанды алаңда өнер көрсетесіздер. Жеңіліп қаламыз деп қорықпайсыз ба?

– Ойын әділ өтсе болды. Англияда бізге жеңіл болды. Ал енді сырттағы матч ауыр өтетіні анық. Жастарымыз сырттағы алаңға ойнап үйренісе берсін деп отырмын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу