- Бүгінгі ойынға қандай баға бересіз? Командаңыздағы жас футболшылар көңіліңізден шықты ма?
- Иә көптеген жастар үшін бұл өздерін көрсететін мүмкіндік. Біз осындай ойындарда оларға мүмкіндік бергеніміз дұрыс. Жеңілістен сабақ алып, қай жерде қателескендерін біліп жүруі тиіс. Мысалы, ортада ойнаған Диллан Левиттің ойыны ұнады. Осы жастардың біршамасы болашақта негізгі командаға алынуы ықтимал.
- Жасанды алаңға байланысты не айта аласыз?
- Футболшылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Жасанды алаңның сапасы жаман емес. Табиғат осындай болғандықтан амалсыз осындай алаңда ойнап жатырмыз. Біз барлығын түсініп тұрмыз. Сондықтан да, барлығы жақсы деп баға беремін.
- "Астана" ойыншыларынан кімдерді атап өтер едіңіз?
- Ортада ойнаған екі орталық қорғаушы жақсы ойнады. Сосын сол аяғымен керемет пастар беретін Дмитрий Шомконы ерекшелеп айтқым келеді. Жақсы ойыншы екен. Ал жалпы алғанда Қазақстан бізді жақсы қарсы алғанына алғыс айтамын.
Ермұхамед Мәулен