Ольга Рыпакова ХОК Президенті Томас Бахпен кездесті

334

Томас Бах Рыпакованың Олимпиадалық құндылықтарды дамыту мен қолдауға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Ольга Рыпакова ХОК Президенті Томас Бахпен кездесті Фото: olympic.kz

Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Харбинде өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) Президенті Томас Бахпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, кездесу барысында Томас Бах Ольга Рыпакованың жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ірі халықаралық спорттық жарыстарды, соның ішінде жеңіл атлетика бойынша жарыстарды өткізуге жоғары әлеуеті бар екенін айтты.

Өз кезегінде Ольга Рыпакова бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, алғысын білдірді.

– Ең алдымен, Олимпиада чемпионы ретінде Томас Бахпен жеке кездесу мен пікір алмасу – мен үшін үлкен құрмет. Біз тек қазақстандық спорттың ғана емес, жалпы Олимпиадалық қозғалыстың дамуы туралы әңгімелестік. Болашақта халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін, – деді Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова.

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова спорттық мансабында үш рет Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған.

Ол 2012 жылы Лондонда алтын, 2008 жылы Бейжіңде күміс, ал 2016 жылы Рио-де-Жанейрода қола медаль жеңіп алды.

2024 жылдың қыркүйегінде Азия Олимпиадалық Кеңесі Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар, ол Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу