Астанада Atameken Business медиахолдингі ұйымдастырған турнир өтті. Жарысқа қатысушылар 1 млн теңге көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салды. Іс-шараның бас серіктесі Қазақстанда киберспортты дамытуға үлес қосып отырған Olimpbet компаниясы болды. Бұл туралы insports.kz хабарлады.
Doteri2 командасы турнир жеңімпазы атанып, бас жүлде 500 мың теңге иеленді. Games of Future Astana екінші орынға (250 мың теңге), Salem- үшінші орынға (150 мың теңге) табан тіреді. Warpzone Astana төртінші нәтиже көрсетіп, 100 мың теңге ұтып алды.
Atameken Business бас директоры Қанат Сахарияновтың айтуынша, турнирге қызығушылық күткеннен асып түсті.
"Форматты кеңейтіп, барынша ашық етуге тура келді. Бұл Қазақстанда киберспорттың қаншалықты жылдам дамып жатқанын көрсетеді", – деді Қанат Сахариянов.
Турнир серіктестері де пікір білдірді. Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий Шемраев былай деді:
"Киберспорт қазірдің өзінде ойын-сауық шеңберінен шығып, ойыншыларды, жанкүйерлерді және бизнесті біріктіретін маңызды индустрияға айналды. Осындай жобаларды қолдау арқылы біз Қазақстанның халықаралық аренада өз орнын алуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырамыз".
Турнир қонақтарының арасында киберспорт блогері Айгерім Дунамис те болды. Ол мұндай бастамалардың қауымдастықты нығайтып, болашақ чемпиондарға жол ашатынын атап өтті:
"Мұндай жарыстардың ең үлкен маңызы – ойыншылар мен жанкүйерлерді бір аренада тоғысуында. Көпшілік үшін бұл үлкен сахнаның бір бөлігі екенін сезінудің тамаша мүмкіндігі".
Турнир YouTube-тегі Atameken Business арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, мыңдаған көрермен жинады. Сарапшылардың пікірінше, Atameken Business пен Olimpbet арасындағы серіктестік Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымын дамытудың үлгісіне айналуы ықтимал.