Олимпиада алдында жарақат алып қалған Юлия Путинцева АҚШ-тағы жарысқа қатыспақ

2657

 Юлия Путинцева бірінші айналымнан-ақ жарыс жолына шығады.

Олимпиада алдында жарақат алып қалған Юлия Путинцева АҚШ-тағы жарысқа қатыспақ Фото: ehonews.kz

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 13 тамызда басталатын Цинциннатидегі WTA-1000 турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Турнир кестесіне сәйкес, Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Лейла Фернандес – Юэ Юань жұбының жеңімпазымен кортқа шығады. Айта кету керек, Фернандес 2021 жылғы US Open турнирінің финалына дейін жеткен.

Ал, Юлия Путинцева бірінші айналымнан-ақ жарыс жолына шығады. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында Қазақстанның қос теннисшісі жарысқа қатысудан бас тартқан болатын. Рыбакина бронхит болғанын сылтауратса, Путинцева аяқ жарақаты сыр бергенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу