Ел құрамасынан Демеу Жадраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) және Шамиль Ожаев (87 келі) боз кілемге шығады.
Рейтингілік турнирде еліміздің еркін, әйелдер және грек-рим күресінің шеберлері бақ сынап жатыр.
Ел құрамасынан Әлішер Ерғали (97 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды.
Ал Юсуп Батырмырзаев (125 келі) күміс, Ризабек Айтмұқан (97 келі), Гүлмарал Еркебаева (72 келі), 59 келіде Диана Каюмова (59 келі) қола жүлдегер атанды.
ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжоловтың айтуынша, рейтингілік турнир Олимпиада алдындағы соңғы сынақ болып отыр. Бұдан кейін қорытынды рейтингі шығарылады. Соның негізінде Олимпиада жеребесі тартылады. Рейтингіде жоғары тұрған балуандар аз ұпай жинаған қарсыласымен кездеседі. Бұл жөнінен Азамат Дәулетбеков бірінші орында келеді. Қалған спортшылар ұпай қорын молайтуы тиіс.