"Олимпиада ханшайымы" жарысқа түседі

1440

Қарғып секірудің қас шебері 30 шілде күні жарыста үздік нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз.

"Олимпиада ханшайымы" жарысқа түседі

Токио Олимпиадасында 29 шілде күні соңғы өнер көрсеткен қазақстандық спортшылардың нәтижесіне тоқталар болсақ, Ильфат Абдуллин садақ атудан 1/8 финалға жетті. Алдымен Ильфат британдық Джеймс Вудгейтті 7: 3 есебімен, содан кейін голландиялық Стив Вейлерді 6: 4 есебімен жеңді. Ширек финалға шығу үшін Ильфат қытайлық Ли Чжалунмен шеберлік байқасады. Кездесу 31 шілде күні сағат таңғы 7: 35-те өтеді.

Ал теннистен үшінші орын үшін сынға түсетін еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Элина Свитолинамен кездесетіні белгілі болды. Украинадан шықан әлемнің алтыншы ракеткасы 1 сағат 5 минутта чех Маркет Вондроушовадан екі сетте 3: 6, 1: 6 есебімен ұтылды. Енді қола  медаль үшін өтетін матчтар 31 шілдеге жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Милад Карими көркем гимнастикадан үш финалдың біріншісіне қатысты. Қазақстандық көпсайыста 14-нәтиже көрсетті. Жапониялық Дайки Хашимото Олимпиада чемпионы, қытайлық Сяо Чжотенг- күміс жүлдегер, ал ресейлік Никита Нагорный қола жүлдегер атанды.1 тамызда Милад едендік жаттығуларда финалда, ал 3 тамызда ригельде болады,

30 шілде күні қазақстандық спортшылардан Владислав Яковлев, Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова жарыс жолына шығады.

Жарыс кестесі:

5:35 Академиялық ескек есу. Ерлер, 19-24 орынға талас. Владислав Яковлев

16:05 Жеңіл атлетика, қыздар - үш қарғып секіру. Квалификация - Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова

Бүгін қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді. Делегация құрамында 44 адам, оның ішінде 24 спортшы бар. Олар еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика, ашық суға жүзу, қазіргі бессайыс, жеңіл атлетика сияқты спорт түрінің өкілдері.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу