Қазақстан спортшылары соңғы жарыс күні қай спорт түрінен сынға түседі

324

Әзірге Қазақстан Ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде 41-орында келеді.

Қазақстан спортшылары соңғы жарыс күні қай спорт түрінен сынға түседі Фото: Финам.AI

Париж Олимпиадасында 11 тамыз, жексенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың екі түрінен еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдымен 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.

Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.

Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының алауы 26 шілдеде тұтанған болатын. Төртжылдық басты додаға әлемнің 205 елдің 10 500 спортшысы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу