Олимпиада нәтижесінен туындаған резонанс реформаларды тездетуге серпін береді – Тимур Құлыбаев

1219

Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан ҰОК Бас ассамблеясының отырысында Токио-2020 Олимпиадасының қорытындысы шығарылып, 2022 жылы Қытайда өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі пысықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Олимпиада нәтижесінен туындаған резонанс реформаларды тездетуге серпін береді – Тимур Құлыбаев

"Биылғы басты оқиға біз үшін Токиодағы Олимпиада болды. Олимпиада ойындарының нәтижесінен туындаған резонанс реформаларды тездетуге және спорт жүйесін жетілдіруге серпін береді деп сенеміз", – деді Тимур Құлыбаев.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті көптеген спорт түрлерінің нәтижесі көңіл көншітпегенін тілге тиек етіп, болашақта мұндайдың қайталануына жол бермеу қажет екенін айтты.

"Токиодағы Олимпиада ойындарына үлкен дайындық жүргізілгенін жоққа шығаруға болмайды. Барлық спорт қоғамдастығы атынан Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметіне команданы дайындауға қатысты мәселелерді жан-жақты қолдағаны және жедел шешкені үшін алғыс білдіремін", – деді Тимур Құлыбаев.

Бұдан кейін ол Токиода өнер көрсеткен спортшыларға ризашылығын жеткізді.

"Барлық спортшыларға, әсіресе ел намысын абыроймен қорғап, елге жүлдемен оралған спортшыларға, бізді Олимпиада да қуантқан жас және талантты атлеттере шексіз алғысымды білдіремін. Олимпидаға тек үздіктердің үздігі ғана қатыса алады. Төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысудың өзі үлкен жетістік", – деді Тимур Құлыбаев.

Отырыста Қазақстан ұлттық құрамасының Токиодағы нәтижесіне пандемия мен Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қаржыландырудың қысқартылуы себеп болғаны айтылды. Сондай-ақ 2002 жылғы 4-20 ақпан аралығында

Қытайда өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу 16 қаңтарға дейін ұйымдастырылатыны мен отандық спортшылар 50-ден астам лицензиялық турнирге қатысуды жоспарлап отырғаны мәлімделді.

Белгілі болғандай, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қысқы спорт түрлері бойынша командалардың жаттығуы мен жарысын тиісінше өткізді.

Биыл жалпы саны 105 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оның 69-ы шетелде болды. Қысқы Олимпиадада біздің ел 8 дисциплина және 4 спорт түрінен бақ сынауды көздеп отыр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу