Олимпиада ойындарының нақты қашан өтетіні белгілі болды

2467

Токио-2020 Олимпиадасының Ұйымдастыру комитеті 2021-жылдың шілде айын коронавирустың салдарынан кейінге қалдырылған ойындардың басталуы үшін тамаша уақыт деп санайды.

Олимпиада ойындарының нақты қашан өтетіні белгілі болды

Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін болды. Ал Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек айларында өтеді. Осының алдында Халықаралық Олимпиадалық комитет Олимпиаданың кейінге шегерілгенін құптап, 2021 жылдың жаз айларында өткені дұрыс деп ұсыныс тастады. Ал жарыстың нақты қай күндері өтетінін анықтауды олар жарысты өткізетін Жапония еліне қалдырды. Енді біз жазып отырған бұл датаны Токио қаласының әкімдігі, Токио-2020 атқару комитеті және Жапония билігі бірлесіп айтты. Жарыс күнтізбесін таңдауда кедергі келтірген дода Еуро 2020 футбол жарысы еді. Екі ірі халықаралық жарыс бір уақытқа түспеуі басты назарда болды.

"Бірнеше күннің ішінде келісіп, қалыптасқан жағдайды түсініп, ортақ шешімге келгеніміз қуантады. Адамзат баласы қазір ортақ жаумен алысуда. Ол коронавирус індеті. Токио-2020 Олимпиадасының ұйымдастырушылары әбден әбігерге түсті. Алайда, өзге де Олимпиадалық комитеттер оларды қолдап, ұсынған күнтізбелерін бірауыздан қабыл алды. Демек, келер жылы жарысымыз өте жоғарғы деңгейде өтуі тиіс, - деді ХОК президенті Томас Бах.

Осыған дейін іріктеу жарыстарында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған спортшылардың барлығы жарысқа қатыса беретіні туралы ақпарат шықты. Сонымен қатар, төртжылдықтың басты додасына берілетін квоталар мен жеңілдіктер де сол күйі сақталады. Ал әлемдік жарысты тамашалағысы келген көрермендердің билеттері де жарамды болып қала бермек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу