Олимпиада тағдыры қыл үстінде

1199

Шамасы, Олимпиада биыл тағы да өтпейді.

Олимпиада тағдыры қыл үстінде

Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қарсы петиция 47 сағат ішінде 191000-нан астам қол жинады, деп хабарлайды "Р-Sport".

Қол жинауды 5-мамырда сағат 12:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00) саяси қоғам қайраткері Кэндзи Уцуномия бастады. Өткен жылы ол Жапония астанасының губернаторлығына үміткер болған еді. 47 сағат ішінде 191 552 адам "Адам өмірін құтқару үшін Токио Олимпиадасының өтпеуін талап етеміз" деген петицияға қол қойды. Петиция 17-мамырда Жапонияға іссапармен келетін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахқа, Халықаралық паралимпиада комитетінің басшысы Эндрю Парсонсқа, Олимпиада істері министрі Тамая Марукаваға, Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Сэйко Хасимотоға және Токио губернаторы Юрико Коикэге бағытталған.

Петицияда ХОК, ХПК, Үкімет және Токио әкімшілігі "Олимпиада ойындарын мәжбүрлеп өткізуге тырысып жатыр" делінген.

"Тек Токиода ғана емес, басқа да өңірлерде, сондай-ақ әлемнің барлық елдерінде коронавирус пандемиясы әлі тоқтаған жоқ. Өткен жылдың аяғында басталған вакцинация қазіргі уақытта тек Еуропа мен АҚШ-тың кейбір бөліктерінде ғана алға жылжып келеді және бұл аурудың таралуын тоқтата алатын шешуші факторға айналған жоқ", - делінген петицияда.

Петицияда айтылғандай, қазір Жапонияда медициналық кадрлардың жетіспеушілігі сезілуде. Егер адам ресурстарының бір бөлігі медициналық қолдау көрсетуге, спортшылар мен олармен бірге еріп жүретін адамдардың денсаулығын тексеруге және бақылауға бағытталса, бұл одан әрі өткір мәселеге айналады. Коронавирустың таралуы қазірдің өзінде адамдардың өмір деңгейінің күрт төмендеуіне және қоғамның осал топтарының - штаттан тыс қызметкерлердің, қарттардың, жалғызбасты аналардың, студенттердің кедейленуіне алып келді. Ойындарды ауыстыру үшін 300 миллиард иен (шамамен 2,75 миллиард доллар), ал ойындарды өткізуге кететін жалпы шығындар 1,644 триллион иенді (15 миллиард доллар) құрайды. Бұл қаражат пен адам ресурстарын коронавируспен күресуге және өмірді сақтауға пайдалану ұсынылды.

Жұма күні таңертең петицияға әр бір 5 минут сайын 400-ге жуық адам қол қойған. Қазіргі уақытта Токио, Осака және тағы үш аймақта коронавируспен ауырған адамдар санының көбеюіне байланысты төтенше режим жарияланды. Бүгін осы аудандардың төртеуінде 31-мамырға дейін төтенше жағдай мерзімі ұзартылады және тағы екі аймаққа аурудың таралуы мүмкін деп күтілуде. Күніне Жапонияда аурудың жаңа жағдайларының саны басқа елдердегі статистикадан айтарлықтай төмен. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігіне байланысты бұл жағдайдың күйреуіне әкеледі. Осакада реанимациядағы орындар қатарынан екінші күн 100 % бос емес. Адамдар ауруханада орын күтіп, үйде қайтыс болған жағдайлар жиілеп кетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу