Олимпиада тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

2194

Жапония билігі COVID-19 пандемиясына байланысты 2021-жылдың жазына қалдырылған Токио Олимпиадасын өткізбеу керек деген қорытындыға келді. Киодо агенттігі жүргізген зерттеуге сәйкес жапониялықтардың 80 пайызға жуығы осы жазға жоспарланған Олимпиада ойындарын мүлде өткізбеуді немесе кейінге қалдыруды қолдайды.

Олимпиада тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Бұл туралы Times басылымы хабарлады. 2020 жылғы ойындар 2021 жылдың жазына ауыстырылғаннан кейін Жапония билігі жарыстың жоғары деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын түсінді. Олар Олимпиаданың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты қалай мәлімдеудің жолын қарастыруда.

Алайда Жапония үкіметінің бас хатшысының орынбасары Манабу Сакаи биылғы жазғы Олимпиада ойындарының өтпейтіндігі туралы шешім қабылданды деген ақпаратты теріске шығарды. 

"Біз бұл ақпаратты толығымен жоққа шығарамыз. Әрине, біз шетелдегі жағдайды ескеруіміз керек және белгілі бір уақытта олимпиаданы өткізу-өткізбеу туралы шешім қабылданады. Бірақ оған дейін үкімет ойындарға дайындалу үшін барлығын жасайды", - деді Сакаи.

Жапония тұрғындары ел астанасында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін жарыстарға құлшыныс танытып отырған жоқ. Қаңтардың басында Kyodo агенттігі жүргізген сауалнама нәтижесінде жапондардың 80%-нан астамы уақытты ауыстырғысы келеді немесе Токиодағы жазғы олимпиадалық ойындарының өткізілуіне қарсы. Себебі біреу - COVID-19 пандемиясы. Дегенмен, Жапония аса қиын жағдайда болмаса да,  осы жылдың басынан бері коронавируспен ауырғандар саны 290 мың адамнан асып, елде аурудың салдарынан туындаған асқынулардан 3 мың 855 адам қайтыс болды.

Бірақ, Халықаралық Олимпиада комитеті Токио Олимпиадасын өткізбеу туралы шешіммен келіспейді. Бұл туралы ХОК мүшесі Ричард Паунд 21 қаңтарда Kyodo News-қа берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, төртжылдықтың басты додасын биыл өткізу керек. Өйткені жарысты тағы бір рет кейінге шегеру қиындықтар туындататынын айтты. Паунд коронавирустың таралуы бойынша жағдай айтарлықтай қиын болған жағдайда Олимпиада көрермендерсіз өтуі мүмкін екенін атап өтті. Жапония билігі бұған келісе ме, жоқ па, ол жазға қарай белгілі болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу