Ольга Рыпакова өкінішке орай іріктеуден өте алмады. Нәтижесінде өз мансабында алғаш рет Олимпиада медалінсіз қалды. Сондай-ақ, тағы екі қазақстандық спортшы Мария Овчинникова мен Ирина Эктова үш қарғып секіруде финалға шыға алмады. Қазақстандық спортшылардан Рыпакова - 13,69 м, Овчинникова - 13,34 м, Эктова - 12,90 м нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Токиода ерлер арасында ескек есу сайысының соңғы кезеңі аяқталды. D тобының финалында 7: 03.37 уақыт нәтижесін көрсеткен Владислав Яковлев бірінші орынмен жарысты аяқтаған. Ол қорытынды хаттамада 19-шы болды. D тобының финалында спортшылар 19-24 орындар үшін таласты. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша тағы екі қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасынан жүлдесіз қайтты.
Бүгінгі күннің кестесі:
7:00 Су добы, ерлер. Топтық кезең - Қазақстан - Черногория
7:35 Садақ ату, елер 1/8 финал - Ильфат Абдуллин - Ли Жиалун
14:00 Теннис. Әйелдер. Үшінші орын үшін матч - Елена Рыбакина - Элина Свитолина
14:48 Бокс. 52 кило. 1/8 финал - Сәкен Бибосынов - Билал Беннама
15:36 Бокс. 63 кило. 1/8 финал– Зәкір Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу
Ермұхамед Мәулен