Олимпиада жаршысы: Елдос Сметов келесі кезеңге өте алмады, Зарина Дияс олимпиада ойындарын аяқтады

1539

Енді Сметов қола жүлде үшін белдеседі.

Олимпиада жаршысы: Елдос Сметов келесі кезеңге өте алмады, Зарина Дияс олимпиада ойындарын аяқтады

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жарыстың финалына өте алмады. Жартылай финалда 60 келіге дейінгі салмақта жапондық Наохис Такатодан жеңіліп қалды. Енді Сметов қола жүлде үшін белдеседі.

Сонымен қатар екінші айналымға жолдама алған Серік Теміржановтың қарсыласы анықталды. Ол 57 келіге дейінгі салмақта америкалық Дьюк Раганмен кездеседі.Раган француз Самуэль Кистохарриді 3:2 есебімен жеңді. 23 жастағы американлық - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Теміржанов пен  Раган арасындағы кездесу 28-шілдеде өтеді. 23 жастағы қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жекте венгриялық Ролан Галошты жеңген болатын.

Ал теннисшілерімізден Зарина Дияс жарақат алып, Чехия өкілі Барбора Крейчковаға қарсы кездесуді жалғастыра алмады.  Ол кортта 29 минут ойнады. Осы уақыт аралығында Зарина Дияс қарсыласына 2:5 есебімен ұтылған еді. Сәл кейінірек жарақатына байланысты жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ал "Ролан Гаррос – 2021" турнирінің жеңімпазы келесі кездесуін 26-шілде күні канадалық Лейла Анни Фернандеске қарсы өткізеді.

Аталған спортшылардан бөлек, бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:35-те жүзуден Дмитрий Баландин, 18:00-де үстел теннисінен әйелдер арасында Анастасия Лаврова өнер көрсетеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу