Олимпиада жаршысы: Сметов жартылай финалда, Рыбакина келесі кезеңге өтті

1870

Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күні Қазақстан спортшылары үшін сәтсіз басталды.

Олимпиада жаршысы: Сметов жартылай финалда, Рыбакина келесі кезеңге өтті

Ең алдымен татамиге шыққан Отгонцэцег Галбадрах жеңіліп қалып, жарысты аяқтады. Дзюдошы қызымыз қытай спортшысы Ли Яньянға есе жіберіп жарысты 1/16 финалдан аяқтады.

Одан кейінгі кезек Елдос Сметовке келді. Олимпиада чемпионы алғашқы қарсыласын оңай жеңді. Түркиялық Мехраджу Аққұсты қарсылас көрмей келесі кезеңге өтті. Сосын Оңтүстік Корея елінен келген дзюдошыны да жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ким Вон Джуннан кейінгі қарсылас күшті болып тұр. Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00 де Наохиса Такатомен белдесетін Елдосқа қиын болары анық. Жапониялық палуан Әлем чемпионатын жеңіп жүрген жоғары деңгейдің спортшысы.

Олардан кейін теннис кортына теннисшілеріміз шықты. Қыздар арасында сынға түскен Елена Рыбакина тәжірибелі аустралиялық теннисші Саманта Стосурдан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Келесі кезеңде Елена Рыбакина Маяр Абдельазиз (Египет) - Ребекка Петерсон (Швеция) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Ал ерелер бәсекесінде отандасымыз Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасы Данил Медведевпен кездесті. Ресейлік теннисші 6:4, 7:6 есебімен басым түсіп, қазақстандық теннсиші А.Бублик жарысты ақтады. Енді Александр жұптасу бәсекесінде Андрей Голубевпен тізе қосып, Джереми Шарди/Гаэль Монфис жұбымен кездеседі.

Сондай-ақ бүгін теннис кортына Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Юлия Путинцевалар шығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу