Ұлттық олимпиадалық комитеті атап өткендей, Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыстың қорытындысы бойынша отандасымыз Милад Карими жеңімпаз атанды. Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған. Карими ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды – 15.000.
Ал екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер иеленсе, үздік үштікті италиялық Марио Мачиати түйіндеді.
Бұл сында Миладтан бөлек Ілияс Азизов пен Нариман Курбанов та қатысты. Нариман тұтқалы ат снарядында 15.350 ұпай еншіледі.