Сөзсіз "Жыл спортшысы" атағы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа бұйырды. Алайда марапатталғандар арасында оның жеке бапкері Боранбек Қоңыратов жоқ.
Қазақстанға 20 жыл күткен жүлдені сыйлаған спортшының жаттықтырушысының федерация басшылығының назарынан тыс қалуы, шынымен де, түсініксіз жағдай.
Сонымен, мына аталым бойынша үздіктер марапатталды:
- "Жыл спортшысы" – Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев
- "Үздік бапкер" – U-20 аға бапкері Қонысбек Түкенов
- "Жыл серпілісі" – Ризабек Айтмұхан (2024 жылы әлем біріншіліктерінде 2 алтын медаль иеленді)
- "Үздік төреші" – халықаралық дәрежедегі төреші Ксения Дробина
- "Үздік аймақтық федерация" – Жамбыл облысының федерациясы, президенті Әлімбек Жұмабаев
Сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары – Юн Виктор "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін", Саржан Бектемірұлы Жақсыбеков "Еңбек ардагері", Гафаров Ильдар Имальевич "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды. Демеу Жадыраев, Нұрғожа Қайпанов пен Ислам Евловевтерге пәтер кілті табысталды.