Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында нысана көздеуден қазақстандық Ислам Сатпаев винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған Ислам Сатпаев 588 ұпай жинап, 18-сатыға тұрақтады. Ал Константин Малиновский 586 ұпаймен 25-орыннан көрінді. Жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы ертең финалға жолдама алды.
Іріктеу ойындарына барлығы 44 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу