Олимпиадада Қазақстанның туын көтеріп шыққан Ольга Сафронова ең соңғы орын алды

681

Ол 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олимпиадада Қазақстанның туын көтеріп шыққан Ольга Сафронова ең соңғы орын алды Фото: olympic.kz

Алайда белгіленген межені 23,58 cекундта жүгіріп өтіп, мәреге соңғы болып жетті. Бұл жарысқа жеті-ақ спортшы қатысатынын айта кеткен жөн.

Енді оның жұбаныш кезеңіне қатысып, жартылай финалға өтуге әлі де мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында көк туымызды Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова алып шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу