Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже тіркелді

88

Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев финалда өнер көрсетті.

Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже тіркелді Фото: Туризм және спорт министрлігі / Тұрар Қазанғапов

Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.

Жүлдегерлер:

  • 1-орын. Домен Превц (Словения) – 301.8 ұпай
  • 2-орын. Рен Никайдо (Жапония) – 295.0 ұпай
  • 3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) – 291.2 ұпай
  • 8-орын. Илья Мизерных – 281.6 ұпай
  • 27-орын. Данил Васильев – 235.9 ұпай

Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу