Олимпиадада шаңғы жарысы кезінде жолға қасқырға ұқсас ит шығып кетті

456

Жанкүйерлер хаскиді алғашында қасқыр деп ойлаған.

Олимпиадада шаңғы жарысы кезінде жолға қасқырға ұқсас ит шығып кетті Фото: nbcolympics.com

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы командалық спринттің іріктеу кезеңінде күтпеген жағдай тіркелді.

Спортшылар мәре сызығына жақындаған сәтте трассаға ірі сұр түсті ит жүгіріп шығып, қатысушылардың бірінің соңынан ерген. Ол тіпті қозғалыстағы телекамераларды да қуалаған.

Оқиға 18 ақпанда Вальтеллина аймағында болды. Аргентиналық шаңғышы Нахьяра Диас Гонсалес жарысты аяқтап келе жатқанда, мәре тұсында оның артынан жануар көрінген. Ит жанкүйерлердің айқайына да, диктордың ескертуіне де назар аудармаған.

Алғашында көпшілік оны қасқыр деп қабылдаған. Алайда кейіннен оның хаски тұқымды ит екені анықталды.

Мәре сызығын кесіп өткеннен кейін жануар спортшыларға емін-еркін жақындап, жарыстан соң бір-бірін құттықтап тұрған қатысушылардың арасында еркін жүрген. Ұйымдастырушылар жедел әрекет етіп, қызметкерлер итті ұстап, жарыс жолынан алып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, жануар сабырлы болып, ешқандай агрессия танытпаған. Кейін белгілі болғандай, жоғалып кеткен хаскидің иесі полицияға жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу