50 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан Валентина Исламова ширек финалда Түркия елінен келген Эвин Демирханды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осының арқасында ол Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Сонымен қатар, 53 келі салмақ дәрежесінде күрескен Татьяна Ахметова да Қазақстанға осы салмақ дәрежесіндегі Олимпиадаға жолдаманы жеңіп берді.
Айта кетуіміз керек, осыған дейін ерлер бәсекесінде де жолдамалар сарапқа салынып, екі бірдей қазақ балуаны Олимпиада лицензиясын алды. Олар 60 келі салмақ дәрежесіндегі Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келі салмақ дәрежесіндегі Асхат Дәлмұхамедов еді.
Ермұхамед Мәулен