Олимпиадаға қатысатын теннисшілеріміздің есімдері белгілі болды

1916

Ярослава Шведова үшін бұл спорттық мансабындағы үшінші Олимпиада ойындары болмақ.

Олимпиадаға қатысатын теннисшілеріміздің есімдері белгілі болды

Қазақстандық теннисшілерден Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведовалар төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын қорғайды. 

"Жекелей өнер көрсету бойынша іріктеу талаптарына сәйкес 2021-жылдың 14-маусымында ATP және WTA рейтингінде үздік 56 теннисші қатарында болған, сондай-ақ Дэвис Кубогі мен Федерация Кубогіне қатысқан әрбір мемлекеттен ерлер мен әйелдер арасында үздік төрт теннисші Олимпиада ойындарына қатысады", - деп хабарлады ҚТФ.

Соңғы рет еліміздің теннисшілері Францияда өткен "Ролан Гаррос" турниріне қатысты. Теннисшілеріміз Қазақстан мен жеке рекордтарын жаңартып қоймай, әлемдік рейтингте де бірнеше сатыға жоғары көтерілді. Солардың бірі Олимпиада ойындарына қатысатын еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина. Ол WTA рейтингінде бір саты жоғары көтеріліп, 21-орынға жайғасты. Сонымен қатар Юлия Путинцева да бір саты жоғары көтеріліп, 42-орынға тұрақтады. Ал Франция ашық чемпионатында жұптық сында финалға дейін жеткен Александр Бублик әлемдік рейтингте 39-орында келеді.

Естеріңізге сала кетсек, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары биыл 23-шілде мен 8-тамыз аралығында Жапонияда өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы Олимпиада бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады және 206 ҰОК-тен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу