Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакина тағы жарақат алып қалды

516

Спортшының айтуынша, сайыстан шығуына жарақаты себеп болған. 

Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакина тағы жарақат алып қалды Фото: Clive Brunskill / Getty Images

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирін жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина чемпионаттың екінші айналымында франциялық теннисші Джессика Поншемен өтетін ойынға қатысудан бас тартты. Спортшының айтуынша, сайыстан шығуына жарақаты себеп болған. 

“Өкінішке орай, жарақатыма байланысты бүгінгі матчтан бас тартуға мәжбүр болып тұрмын. Маусымның соңғы "Үлкен дулыға" турнирін бұлай аяқтағым келмеген, бірақ өз денемді тыңдауым керек. Жылды жақсы аяқтаймын деп үміттенемін. Мені қолдайтын барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын, турнирде қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін", – деді Рыбакина. 

Елена Рыбакина биылғы маусымда осымен сегізінші рет турнирлерге қатысудан өз еркімен бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу