Отандасымыз канадалық Лейла Фернандеспен бірге жартылай финалда чехиялық Линда Носкова – ресейлік Диана Шнайдермен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.
Нәтижесінде, Лейла Фернандес пен Юлия Путинцева жұбы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді қазақстандық және канадалық жұп чемпиондық атақ үшін жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад және жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен таласады.
Айта кетейік, Д.Шнайдер Париж Олимпиадасында Мирра Андреевамен бірге күміс жүлдегер атанған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу