Олимпиадаға кімдер барады?

1920

Токиодағы Олимпиада ойындарының биыл өтуіне ешқандай кедергі жоқ. Сонымен, әлемдегі барлық ұлттық құрамалар лицензиялық науқанға кірісуде. Бұл қазақстандық спортшыларға да қатысты.

Олимпиадаға кімдер барады?

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24-шілде мен 9-тамыз аралығында Жапонияда өтуі тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты 2021-жылға ауыстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы өтетін төртжылдықтың басты додасы бұрын-соңды болмаған инновациалық Олимпиада болады. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг. 206 ҰОК-тен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстандық спортшылар Олимпиада маусымын 42 лицензиямен бастайды. Бұл карантинге дейін іріктеу жарыстарында иеленген лицензиялар. Алайда, іріктеу енді қайта басталды. Кейбір спорт түрлері біліктіліктің жаңаратынын жариялады. Мысалы, жеңіл атлетикадан. Сондай-ақ, басқа спорт түрлерінен іріктеу өтеді.

Өкінішке орай, қарбаластан құтылу мүмкін емес. Аз ғана уақыт ішінде спортшылар бабына келіп, ойындарға қатыса алады. Содан кейін барынша формаларын сақтауға немесе екінші рет өздерін 100 пайыз дайындауға тырысады. Бұл талаптарды орындау қиын әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Іріктеу турнирлеріндегідей мұның бәріне көп уақыт болмайды. Сондықтан спортшылар кез-келген олимпиадалық іріктеу сынағына қатысып үлгеруге тырысады.

Қазақстан ұлттық құрамасына келер болсақ, еліміздің спортшылары жеңіп алған лицензиялардың жалпы саны бұрын жоспарланғандай  болмауы мүмкін. Іс жүзінде өткен маусым кейбір спорт түрлеріне Токио Олимпиадасына жолдама алуға бір-ақ мүмкіндік берді (мысалы, ескек есу).

Қазір біздің спортшыларда 42 жолдама бар. Олар:

- Жеңіл атлетика: Георгий Шейко, Айман Ратова, Ольга Рыпакова (үш);

- Жүзу: Дмитрий Баландин (екі жолдама: брасс әдісімен 100 және 200 метрге жүзу);

- Ашық суда жүзу: Виталий Худяков (бір);

- Каратэ: Дархан Асадилов (бір);

- Спорттық құзға өрмелеу: Ришат Хайбуллин (біреу);

- Әртістік жүзу: Александра мен Екатерина Немич (біреу);

- Бокс: тоғыз лицензия (сегізі ерлер, біреуі әйелдер). Сондай-ақ, ұлттық құраманың басқа боксшылары квотаны әлемдік іріктеуде жеңіп ала алады. Токиоға  баратынын спортшылардың арасында Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзад Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Зәкір Сафиуллин, Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов, Надежда Рябецтер бар.

- Велоспорт: жеті лицензия. Олардың екеуін трекшілер - Артем Захаров пен Сергей Пономарев жеңіп алды. Пономарев спринтке де қатыса алады (барлығы үш жолдама). Қалған төртеуі тас жолдағы велоспортқа тиесілі. Токиоға аттанатын велошабандоздардың есімдері кейінірек белгілі болады.

- Қазіргі бессайыс: Павел Ильяшенко, Елена Потапенко (екі);

- Көркем гимнастика: Милад Карими (бір);

- Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Денис Ганкин, Санжар Мұсаев (үшеуі командалық жолдамамен бірге барады);

- Стенд ату: Сәрсенкүл Рысбекова (бір);

- Нысана көздеу: Юрий Юрков (бір);

- Күрес: сегіз лицензия. Еркін, грек-рим және әйелдер күресінің өкілдері бұл жолдамаларды Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында жеңіп алды.

Ал біздің палуандарымыдың жолы болды. 9-11 сәуірде Алматыда азиялық іріктеу өтеді. Спорттық іс-шара аясында олимпиадалық лицензиялар ойнатылады. Қазақстанның қалған квоталарды алуға толық мүмкіндігі бар. Сондықтан финалға  дейін шығу өте маңызды.

Ескек есу мен каноэде ескек есу спортының өкілдері биыл алғашқылардың бірі болып Олимпиадаға баруға тырысады. Наурызда олар Таиландта өтетін Азия іріктеуіне жолдамалар үшін сынға түседі.

Сонымен, барлық іріктеулер кесте бойынша өтеді. Федерациялар мен Халықаралық Олимпиада Комитетінің егжей-тегжейлі нұсқаулығы қазіргі жағдай аясында құрылды. Ең бастысы, бұл жарыста қазақстандық спортшылар өздерін көрсетіп, тәжірибе мен күш-жігер жинақтай алады.

Ермұхамед Мәулен                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу