Олимпиаданың алғашқы күні қола жүлде еншіледік. Екінші күні біз не күтеміз?

1540

Таң сәрісімен жарыс жолына стенд атушылар шығады.

Олимпиаданың алғашқы күні қола жүлде еншіледік. Екінші күні біз не күтеміз?

Екі спортшымыздың Олимпиада жолдамасын алғанының өзі зор абырой деп санасақ, Әсем Орынбай мен Зоя Кравченколардан медаль күту артықтау болар. Дегенімен, стенд ату спортында Олимпиада ойындарында жиі-жиі сенсация болып тұрады.

Дзюдо спортынан үмітіміз көп. Кеше Елдос Сметов алғашқы жүлдені қоржынымызға салып берді. Ендігі кезек Ерлан Серікжановта. Ерлан осыдан екі жыл бұрын БАЭ елінде өткен Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі. Айтпақшы финалда ол қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақановты жеңген. Үржар ауданының палуаны 2018 жылы Әлем чемпионатында күміс жүлде иегері атанды. Оның алғашқы қарсыласы Әзербайжан елінің үкілеген үміті Орхан Сафаров. Ерлан жалпы біздің болжам бойынша кем дегенде жартылай финалға дейін жетуі тиіс.

Теннисшілер арасында Кукушкин, Шведова және Путинцева үшеуі жарысқа түседі. Кукушкин бұл қарсыласын жеңгенімен, түбі ұзаққа бара алмайды. Оның шама-шарқысы бізге таныс. Ал босанып келіп, тенниске қайта кіріскен Ярослава Шведова бұл Олимпиадаға негізі микст сайысына қатысу үшін келгені белгілі. Енді ол аралас жарысқа қатыспайтын болып, амалсыз осы жарысты қанағат тұтады.

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі: 

Стенд ату, скит. Әйелдер, іріктеу

25 шілде, 06:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) - Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

Дзюдо, ерлер

25 шілде, 08:00, іріктеу - Ерлан Серікжанов (66 кило)

Теннис, ерлер, әйелдер. Бірінші айналым

25 шілде, 08:00 - Михаил Кукушкин - Федерико Кория (Аргентина)

25 шілде, 08:00 - Ярослава Шведова - Айла Томлянович (Австралия)

25 шілде, 08:00 - Юлия Путинцева - Надя Подороско (Аргентина)

Академикалық ескек есу, ширек финал

25 шілде, 09:00 - Владислав Яковлев

Семсерлесу, ерлер

25 шілде, 09:45, бірінші айналым - Руслан Курбанов - Марко Фичера (Италия)

Мылтық ату, пневматикалық винтовка (10 метр). Ерлер

25 шілде, 10:00, іріктеу - Юрий Юрков

25 шілде, 12:30 - финал

Үстел теннисі, ерлер. Екінші айналым

25 шілде, 12:30 - Кирилл Герасименко - Любомир Янчаржик (Чехия)

Ауыр атлетика, ерлер (61 кило)

25 шілде, 12:50 - Игорь Сон

Жүзу, 100 метр. Шалқалай жүзу (әйелдер)

25 шілде, 16:04, іріктеу - Диана Назарова

Бокс, 63 кило, ерлер. 1/16 финал

25 шілде 16:24 - Закир Сафиуллин - Леодан Пезо (Перу)

Су добы, ерлер. Топтық кезең

25 шілде, 16:50 - Қазақстан – Хорватия

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу