Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қазақтың қызына үйленетінін айтты

2826

Ол үйленгеннен кейін де спортты жалғастырмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қазақтың қызына үйленетінін айтты Фото: @aida_bauyrzhanova

Нариман Құрбанов сүйіктісі Аида Бауыржановаға (гимнаст) Олимпиада алдында шаңырақ құруға уәде берген екен.

"Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу