Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қуанышты жаңалығын бөлісті

634

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізген Нариман Құрбановты отандастары Алматы әуежайынан күтіп алды. 

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қуанышты жаңалығын бөлісті Фото: aida_bauyrzhanova

"Олимпиадада медаль аламыз деген үмітте болдық. 3 жыл бойы сондай мақсатта едік. Жоспар бойынша дайындалдық, жыл сайын нәтиже жақсартып, медаль аламын деген сенім күшейді. Негізгі қарсыласым квалификация ала алмады, одан кейін Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы британиялық спортшы болды.

Бізде Олимпиадаға дайындалу үшін жағдай жасалған. Медальдардан кейін одан әрі жақсарады деген сенімдемін. Менің шыңға шығатын кезім енді басталды, сондықтан алтынға жетуім керек.

Маған сенім артқан адам көп болды. Медаль алсам да әлі күнге дейін сене алар емеспін. Ұйқыдағы адам сияқты жүрмін. Бұл - көптен күткен тарихи сәт, бұл жеңісті еліме арнаймын. Көбі құттықтап емес, алғыс айтып жазып жатыр", – дейді Нариман Құрбанов.

Әуежайдан күтіп алған тілшілерге Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда 2-орын иеленген Нариман Құрбановтың әкесі, әрі бапкері Хусанжан Құрбанов ұлының жеңісіне қатысты былай деген еді:

"Осы медальді алуға аянбай еңбектендік. Әрине, алтын алуға барымызды салсақ та, бірақ күміс алып қалдық. Дегенмен, оған да ризамыз. Мен ұлымның жеке бапкерімін. 21 жыл дайындадым. Осы нәтижеге жеткенімізге де, қатты қуандым", - деді Хусанжан Құрбанов.

Еске сала кетсек, бүгін тарихи жүлде иегерлері – қос мерген Ислам Сәтпаев пен Александра Ле және гимнаст Нариман Құрбанов елге оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу