"Олимпиакос" клубының футболшылары Астанаға келіп жетті

340

Астананың ауа-райы грек футболшыларын таңғалдырды. 

"Олимпиакос" клубының футболшылары Астанаға келіп жетті Фото: olympiacosfc

Грекияның "Олимпиакос" клубының футболшылары Астанаға келіп жетті.

Мұнда олар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық "Қайратпен" кездеседі. Матч 9 желтоқсанда "Астана Аренада" өтеді. Басталуы – 20:30.

Қазақ жеріне қона сала гректерді ең қатты таңғалдырған Астананың ауа райы екен.

Gazzetta.gr басылымының жазуынша, Астана әуежайында бірінші кезекте -4°C суықтық гректерге ерекше әсер еткен.

"Әуежайдағы алғашқы әсер – ұшу-қону жолағын қардан тазалап жатқан қызметтер, сондай-ақ күшейтілген бақылау мен қарулы күзет болды. Қиын жағдайларға қарамастан, делегацияның көңіл-күйі жақсы және алдағы "Қайратқа” қарсы екі матчты жеңуге толық бел буып келді", – делінген мақалада

Басылым алдағы матч уақытында ауа райы мүлдем суытып кетеме деп алаңдап отырғанын да жасырмады.

Бұл ойын алдында "Қайрат" бір ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 35-орында тұр. Ал "Олимпиакос" екі ұпаймен 33-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, бүгін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу