Олжас Абраев: "Суперкубок ойындары алдағы үш жыл бойы жаңа форматта өтеді"

2501

Алдағы маусымда Қазақстан Кубогі де жаңа форматта өтеді.

Олжас Абраев: "Суперкубок ойындары алдағы үш жыл бойы жаңа форматта өтеді"

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев өзінің жаңа маусымнан не күтетіні жайлы, ҚПЛ командаларының артуы, сондай-ақ Суперкубоктің жаңа форматы туралы айтты.

- Толығымен дерлік бір қалада өткен соңғы маусымды қалай бағалар едіңіз? Сіздің көңіліңіз тола ма?

- Пандемия тек футболға ғана емес, біздің өміріміздегі барлық салаларға әсер етті. Клубтармен бірлесе отырып, біз оңтайлы шешім таптық. Өткен маусымды бағалауға келетін болсақ, бұл өте қиын мәселе. Біз жоспар бойынша әлемдік деңгейде жүрмедік, бірақ өз жолымызды таба білдік. Турнирді бір жерде өткізу чемпионатты 2020 жылы аяқтаудың жалғыз шешімі болды. Бұл клубтардың қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін де маңызды еді.

- Биыл жанкүйерлерге қатысты мәселе қалай шешіледі?

- Қазір біз 2021 жылғы маусымның жоспарын құрып жатырмыз. Жанкүйерлердің алаңға оралуы - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Алайда, біз ешкімге қауіп төндіруге болмайтынын түсінуіміз керек. Біріншіден, футболға келетін адамдар. Мұнда вирустың таралу қаупі төмен болу маңызды - чемпионатқа қатысушылар үшін де, жанкүйерлер үшін де.

- Биыл ҚПЛ қатысушыларының саны 12-ден 14-ке дейін артты.

- Біріншіден, біз жаңа маусымда алға ұмтылып, өткен қателіктерден сабақ алуымыз керек деп ойлаймыз. Өкінішке орай, пандемия әлі аяқталған жоқ. Осы маусымда біз бірнеше факторларды негізге ала отырып, лиганы 14 командаға дейін кеңейттік. Басты фактор - екі айналымнан тұратын классикалық формула. Өткен маусымға біз 33 тур жоспарлаған болатынбыз, бірақ 22 тур ғана ойнадық, сәйкесінше екі айналымды 12 командамен ойнау аздық етеді. Сондықтан, 2021 жылға 26 тур жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Кубогіне де өзгерістер жоспарланған. Біз топтық кезеңнен тұратын жүйені енгіздік - 4 командадан тұратын 4 топ. Тиісінше, финалға шыққан командалар бір маусымда 37 матч өткізеді. Бұл ойындардың оңтайлы саны деп ойлаймыз. Бұл формат әртүрлі жағдайларда түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл клубтармен келісілді және ҚФФ Атқару комитеті бұл шешімді қабылдады. Қазір екі клуб – "Ақжайық" пен "Арыс" сертификаттау және лицензиялау кезеңінен өтуде. Олардың нәтижелерінен кейін екі команданы Премьер-лигаға қатысушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдаймыз. Өздеріңіз білетіндей, "Ақтөбе" мен "Атырау" спорттық принцип бойынша жоғарғы дивизионға жолдама алды.

- БАҚ беттерінде биыл Қазақстан Суперкубогінің ойындары Түркістандағы жаңа стадионда өтеді деген ақпарат шықты.

- Түркістанға келетін болсақ, біз Суперкубок ойындарын тарихта бірінші рет осы қалада өткізуді жоспарлап отырмыз. Және бұл турнирге алғаш рет төрт команда қатысады. Турнир екі жартылай финал, үшінші орын үшін матч және финалдан тұрады. Турнирдің нақты өтетін орны ақпан айының ортасына дейін белгілі болады. Алайда, бұл жоба әзірге талқылануда. Суперкубоктің дәл осы форматын алдағы үш жылға қабылдау жоспарланып отырғанын айта кетейін. Командаларға келетін болсақ, рейтингке сәйкес, еурокубокке жолдама алған төрт команда - чемпион, вице-чемпион, қола жүлдегер және 2020 жылы Қазақстан кубогі өткізілмегендіктен төртінші орын алған клуб осы турнирге қатысады.

- Қазақстандық командалардың жазда өтетін еурокубок ойындары туралы не айта аласыз?

- Мұнда барлығы рейтингке сәйкес келеді. УЕФА тағы бір турнирді бастады - Конференция лигасы. Біздің рейтингке сәйкес, ел чемпионы "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысады, ал қалған үш клуб УЕФА-ның жаңа турнирінде ойнайды. Клубтардан көп нәрсе күтемін, өйткені бұл УЕФА-ның аумақты кеңейту стратегиясы. Осы маусым бізге еурокубок аренасында сәтті нәтижелер әкеледі деп сенеміз.

- Мен жаңа чемпионаттың форматы туралы көбірек білгім келеді.

- Қазір классикалық формула - матчты үйде және сыртта ойнау туралы мәселе талқылануда. Кубок матчтары да. Бірақ қазір бұл мәселе талқылану үстінде. Барлығы аймақтардағы коронавирус жағдайына байланысты болады. Коронавируспен күрес сәтті болады деп үміттенеміз, вакцинация кезеңі жақын арада басталуы керек. Мен мұны жаман түс ретінде тез ұмытып, әдеттегі өмірімізге оралуды қалаймын. Әрине, егер жанкүйерлерге стадионға кіруге рұқсат берілсе, онда тек бір нұсқа қарастырылады - барлық матчты өз алаңдарында өткізу.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу