Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

178

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Фото: Үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу жөніндегі жоспарлары қаралды.

Премьер-министр ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын дамытудың маңызды екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өнеркәсіптік әлеуетті одан әрі дамыту және кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу