Олжас Бектенов бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қарайтынын айтты

3186

Үкімет басшысы Олжас Бектенов орынбасары Серік Жұманғаринге инфляцияны төмендете алмаған өңірлердің мәселесін дереу баяндап отыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олжас Бектенов бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қарайтынын айтты Фото: primeminister.kz

"Серік Мақашұлы, аталған мәселенің әлеуметтік маңызы зор, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаңыз. Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын. Осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек", - деді ол.

Олжас Бектенов азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажеттігін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу