Олжас Бектенов: Бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз

482

Бұл туралы Үкімет басшысы кеңейтілген отырыста айтты. 

Олжас Бектенов: Бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинеті бағаның күрт қымбаттауына жол бермейтінін айтып, Президентке уәде берді, хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жұмыстарын "бюджет шығыстары – бірінші кезекте экономикалық дамуға, әлеуметтік қолдау – тек қана мұқтаж адамдарға" қағидаты бойынша күшейтетін боламыз. Экономиканың өсуі инфрақұрылымға салынатын қарқынды инвестициялармен қатар жүруі керек. Алайда, экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвестициялық әлеуетті төмендетіп отыр", - деді Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның сөзінше, Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады.

"Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді", - деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу