Олжас Бектенов ел азаматтарын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады

155

Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Олжас Бектенов ел азаматтарын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ең алдымен, барша қазақстандықтарды тарихымыздағы аса маңызды оқиға – жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен және қоғамның белсенді қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр жаңа Конституция саяси тұрақтылықты нығайтып, экономиканы одан әрі жаңғыртуға жол ашатынына назар аударды.

"Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып, экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға жол ашады. Бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты негізгі құндылықтарды орнықтырып, ұлтымыздың ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды. Ол еліміздің саяси жүйесіне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, адам капиталының, ғылым мен мәдениеттің, цифрлық ортаның сапалы дамуына, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді", – деп атап өтті Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу