Олжас Бектенов елімізде шығарылатын дәрі-дәрмектің көлемі мен тізбесін кеңейтуді тапсырды

528

Денсаулық сақтау министрлігінде тиісті көрсеткішті жыл соңына қарай арттыру міндеті тұр. 

Олжас Бектенов елімізде шығарылатын дәрі-дәрмектің көлемі мен тізбесін кеңейтуді тапсырды Фото: Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов отандық фармацевтика саласын дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5%-ға ұлғайды. Алайда саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың электрондық сатып алу жүйесіне көшуін тездету қажет", - деді ол.

Бұдан бөлек ол мұнай-газ өнеркәсібі үшін өндірістің жаңа түрлерін игеру бойынша 65 меморандум бекітілгенін баса айтты.

"Оларды қазірден бастап офтейк-келісімшарттарға трансформациялау қажет. Энергетика министрлігі қыркүйек айының соңына дейін ірі мұнай-газ компаниялары мен қазақстандық өндірушілердің арасында ұзақ мерзімді келісімшарттардың кепілді түрде жасалуын қамтамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізуі қажет", - деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу