Олжас Бектенов Премьер-министр ретінде қызметін жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Екінші мәселе – Премьер-министрдің кандидатурасы туралы. Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан біз осы жиында Премьер-министрдің кандидатурасын бекітуіміз қажет. Мен бүгін Құрылтайға өткен партиялардың фракция жетекшілерімен бірге осы мәселені талқыладым. Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынамын", – деді Президент Құрылтайда өткен жиында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Бектенов мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат.
"Жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Құрылтай депутаттары Президенттің ұсынысын қолдап дауыс берді.
Бұған дейін Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездескен болатын. Кездесуде Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде мәселе қаралды.